Қоғам

16 жасқа толмағандар үшін әлемжеліге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда 16 жасқа толмағандар үшін әлеуметтік желілерге тіркелу тыйым салынуы мүмкін – деп хабарлайды Minut.kz тілші.

Мәдениет министрлігі онлайн-платформалар мәселелері бойынша түзетулер әзірледі. Оған сәйкес, «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі заңға жаңа бапты қосу көзделіп отыр.

10-1 бап. Балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері. Жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салынады, – делінген жаңа бапта.

Негізгі мақсат балаларды онлайн-платформаларда таратылатын зиянды мазмұннан қорғау делінген. Құжатты жария талқылау «Ашық НҚА» порталында 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button