40 жыл жөнделмеген құрылыс жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығы жөнделіп жатыр. Қазір нысанның желдету жүйесі мен инженерлік желілері және электр желісі жаңартылып, урология бөлімшесі мен стационар ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген. Гинекология бөлімі заман талабына сай жаңартылды. Бұған «Казцинк» компаниясы қолдау көрсетті.
Бүгін осы орталықтағы құрылыс жұмысын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барып қадағалап, алда атқарылатын шаруаларға қатысты бірқатар тапсырма берді. Өңір басшысы: – медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында заманауи видеоэндоскопиялық жүйелер мен компьютерлік томограф сияқты озық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 50 миллион теңге бөлініп, урология, гинекология және травматология бөлімшелері 100 төсек-орынмен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай жақсартып, дәрігерлердің өз міндеттерін тиімді атқаруына мүмкіндік береді деп сенемін» – деді.
Сондай-ақ, облыс әкімі денсаулық сақтау саласын дамытуға алдағы уақытта да назар аударылатынын атап өтті.
Айта кетейік, орталықтағы құрылыс жұмысы келер жылдың 1-тоқсанында аяқталкуы тиіс.
Қарақастың Байымы