Елімізде жасанды интеллект университеті құрылады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша арнайы университет құрылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министр университет индустрияның сұраныстарына сәйкес пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталатынын атап өтті.
Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен әріптестікте дамиды.

Негізгі мақсат – профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру, – деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, еліміздегі 95 университет оқу жоспарына жасанды интелектіге қатысты пәндерді енгізді. Былтырдан бастап, барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті қолдану дағдылары енгізілген.
Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Профессор-оқытушылар құрамының 54 пайызы ЖИ бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жанель Жанболатқызы



