Мәдениет
«Абайға құрмет» акциясы басталды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абайға құрмет» акциясы басталды. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Акция шеңберінде өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар Абай облысына бір-бір әлеуметтік-мәдени нысан сыйға тартпақ.
- Маңғыстау облысы Достық үйін салып жатыр;
- Түркістан облысы көрме орталығын салмақшы;
- Қызылорда облысы – «Анаға тағзым» орталығын;
- Атырау облысы – «Абай әлемі» ғимаратын;
- Шымкент қаласы – Өнер орталығын;
- СҚО – Мемлекеттік рәміздер алаңын;
- Ақтөбе облысы — Жекпе-жек сарайын;
- Астана — «Келешек» мектебін;
- Алматы қаласы — Медиаорталықты;
- Қарағанды облысы — Ботаникалық бақты;
- БҚО — Линеарлық паркті;
- Қостанай облысы — Руханият орталығын;
- Павлодар облысы — Үстел теннисі орталығын тұрғызуды жоспарлауда.
- ШҚО — Ертіс жағалауын абаттандыруды қолға алмақ.
Жанель Жанболатқызы



