Әлемжелідегі жазбалар сотта дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін
Қазақстанда әлеуметтік желілердегі жазбалар сотта дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, егер интернетте жарияланған материалдарда заң бұзушылық белгілері болса, олар құқықтық бағалау үшін негіз бола алады. Яғни посттар, пікірлер, видеолар – барлығы дәлел ретінде қарастырылуы ықтимал.
Мамандардың айтуынша, бұл норма жаңа емес. Бұған дейін де әлеуметтік желідегі материалдар тексерулерге себеп болып, тіпті қызметтік немесе қылмыстық істердің басталуына негіз болған жағдайлар тіркелген.
Сонымен қатар Бас прокуратура азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды. Өйткені заңға қайшы контент жариялау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Яғни енді интернеттегі кез келген жазба тек пікір емес, қажет болған жағдайда ресми дәлел ретінде қаралады.
Minut.kz



