Экономика

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрінің жаңа тізбесі ұсынылды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кеңейтілген тізбесі жарияланды – деп хабарлайды Minut.kz тілші.

Бұған дейін тізімде азық-түліктің 19 түрі болса, бүгінде оның санын 33-ке дейін арттыру көзделіп отыр.

  • Бірінші сұрыпты бидай ұны
  • Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
  • Рожки (өлшеніп салынатын)
  • Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
  • Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
  • Картоп
  • Ас сәбізі
  • Пияз
  • Орамжапырақ
  • Қант
  • Күнбағыс майы
  • Сүйегі бар жылқы еті
  • Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
  • Тауық
  • 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
  • 2,5% майлылықтағы айран
  • 5–9% майлылықтағы сүзбе
  • Сары май
  • Ас тұзы

Жаңадан қосылғандары:

  • Қызанақ
  • Қияр
  • Алма
  • Сүйегі бар сиыр еті
  • Сүйексіз сиыр еті
  • Тартылған ет
  • Сүйегі бар қой еті
  • Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
  • Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
  • Ультрапастерленген, стерилденген сүт
  • Қаймақ
  • Қатты ірімшік
  • Қара шай
  • Тауық жұмыртқасы (I санат)

Сауда министрлігі осыған қатысты бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ведомство азаматтарды белсенді қатысуға шақырады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715467

 Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button