Экономика
Алтын бағасы күрт қымбаттады

Жыл басынан бері алтын бағасы шамамен алты пайызға қымбаттады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Алтын бағасының күрт өсуіне Ирандағы жағдайдың ушығуы мен АҚШ Федералдық қор жүйесінің қызметіне қатысты алаңдаушылықтар әсер етті. Дүйсенбіге қараған түні алтын бір троя унциясы үшін 4600 долларға жуықтады. Таңертеңгі сауда-саттық барысында баға 4578 доллар деңгейінде болды. Бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда шамамен 1,5 пайызға жоғары.
Жыл басынан бері бағалы металл шамамен 6 пайызға қымбаттады. Былтыр алтынның құны 65 пайызға өсті.
Minut.kz



