Алтын қазушылар азаймай тұр

Шығыс Қазақстан өңірі табиғи ресурстарға бай өлке. Мұнда Менделеев кестесіндегі элеметтердің көбі кездеседі. Қымбат бағалы металдарды Өскемен мен облыстың өзге де аудан-қалаларында ірі-ірі компаниялар өндіріп, мемлекет үшін табысты еңбек етіп жатыр.
Алайда өңірде қазба байлықтарды заңсыз өндіру дерегі жиі кездеседі. Биыл құнды металдарды заңсыз өндірудің екі фактісі анықталды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұлан ауданындағы Шыбынды өзені аңғарында және Самар ауданындағы Құлынжон өзені аңғарында заңсыз алтын қазғандарды ұстады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады. Тергеу барысында күдіктілерден құны 380 миллион теңге шамасындағы 6 келіден астатын құнды металл алынды. Бұдан өзге 56 мың АҚШ доллары мен жер қазуға арналған арнайы техника тәркіленді.
Жерді заңсыз қазғандар қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданады.
Minut.kz



