Қоғам
Амнистияға ілінген 3 мыңға жуық адам бостандыққа шықты
Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілігу бойынша 15 970 ұсыныс қаралды. Нәтижесінде 2 мыңнан астам адам босатылды. 11 мыңнан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәлімдеуінше, пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға қатысты материалдарды қарау нәтижесінде 2 888 адам жазадан босатылды. Тағы 7600-ден астам сотталғанның жазалау мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық әртүрлі санаттағы адамдарды қамтыды: кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдар.
Босатылған барлық адам пробация қызметінің тұрақты бақылауында болып, полицияның жеке есебіне қойылды.
Minut.kz



