Саясат

АҚШ 19 елден келген азаматтардың грин-карталарын тексермек

Трамп әкімшілігі 19 елден келген азаматтардың грин-карталарын тексермек – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мұндай шешім Ақ үй маңында Ұлттық гвардия сарбаздарына жасалған қарулы шабуылдан кейін қабылданды. Полиция сарбаздарға оқ атты деген күдікпен Ауғанстан азаматын қолға түсірген.

АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) басшысы Джозеф Эдлоуның сөзінше, Дональд Трамп алаңдаушылық тудыратын елдердің азаматтарының грин-картасын мұқият тексеруді тапсырған. BBC мәліметінше, тізімде АҚШ-қа кіруге тыйым салынған Азия, Африка және Латын Америкасындағы 12 елдің азаматтары және елге кіруі шектелген тағы 7 елдің азаматтары бар.

Айта кетейік, 26 қарашада Ақ үйге жақын маңда атыс болды. Белгісіз ер адам кезекшілікте тұрған Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Жарақат алған 20 жастағы сарбаз Сара Бекстром ауруханада қайтыс болды. Ал екінші әскери Эндрю Вульфтің жағдайы ауыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button