Қоғам

АҚШ-қа тағы 7 елдің азаматына кіруге тиым салынды

Дональд Трамп 7 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Енді Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан, Сирия, Лаос пен Сьерра-Леоне азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық шектеу енгізілді. Тыйым 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Келесі елдердің азаматтары үшін АҚШ-қа кіруге салынған тыйым күшінде қалды: Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен, Ливия, Мьянма, Конго Республикасы, Сомали, Судан, Чад, Экваторлық Гвинея және Эритрея. Сондай-ақ, Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга корольдігі, Замбия және Зимбабве секілді елдердің азаматтарына қатысты ішінара шектеулер қойылады.

Ал Түрікменстанға қатысты шектеулер ішінара жеңілдетілді. Осылайша бұл елдің азаматтары АҚШ-қа иммиграциялық емес визалармен кіруге рұқсат алды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button