Экономика

Ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бүгінгі Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Иманашев ақылы жолдардан түскен ақшаны қайда жұмсап жатқандарын айтты.

2025 жылы 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті, – деді төрағасы Дархан Иманашев.

Компания басшысы түскен қаражат есебінен 4900 шақырым ақылы жолды күтіп ұсталып, жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Төлем жүйесінің инфрақұрылымы қалыптастырылды. 1000 мыңға жуық арнайы техника сатып алынып, инвестордың шығындары төленді. 1200 қызметкерге айлық төленіп, өзге де әкімшілік шығындары өтелді. 61 мың шаршы метр шұңқыр бітеліп, 140 мың жол белгісі орнатылды, – деді Дархан Иманашев.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button