Басты жаңалықҚоғам

Ас мәзірі оқу жылының ортасында «Әрең» бекітілді

Шығыс Қазақстан облысында мектеп асханасының ас мәзірі оқу жылының ортасында бекітілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мектепте «мәзірге қатысты дау» тұп-тура екі тоқсанға жалғасты. Қыркүйекте облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған жаңа ас мәзірімен кәсіпкерлер келіспеді. Айтуларынша, асханада қызмет көрсететін шағын бизнес өкілдері тізімдегі ас балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Тіпті кейбір тамақтарды оқушылар ішпей, босқа төгіп тастайтаймыз деген-ді. Осы уақыт ішінде операторлар нақты бекітілген жаңа құжатсыз, былтырғы мәзірмен, «екіұдай» күйде жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Сонымен, бір келісімге келе алмаған кәсіпкерлер және кәсіпкерлер палатасы, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бірнеше ай бойы ақылдасты. Талай мәрте жиналып, балалардың тамағын талқылады. Нәтижесінде желтоқсан айында жаңа мәзірге қол қойылды. Яғни оқу жылының тең жартысы өткенде ғана оқушылардың не жейтіні нақтыланды.

Жаңа перспективалық төрт апталық мәзірде ет, балық, сүт өнімдері, көкөністер, дәнді және бұршақты дақылдар, жеміс-жидектер сияқты негізгі өнім топтарын енгізу жиілігі сақталған. Жаңа піскен жеміс пен көкөністердің ұсынылған нормасы қамтамасыз етілген. Ұсақ техникалық түзетулер мысалы, какаоны шайға ауыстыру немесе салат құрамындағы сүттің бір бөлігін ірімшікке алмастыру секілді өзгерістер де бар. Түскі астың энергетикалық құндылығы да балалардың жас ерекшелігіне сәйкес тәуліктік қажеттіліктің 25–30 пайызы шегінде сақталыпты. Бұдан бөлек, мәзірдегі тұз бен қант мөлшерінің жаңа мектептік тамақтану стандартына сәйкестендірілген.

Ас мәзірі бар, бірақ ақшасы ше?!

Айжан Жәңгірханова ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Ас мәзірін тура жаңа жылдың алдында денсаулық сақтау басқармасы бекітті. Қазір қаржыландыру жағы шешіліп жатыр. Бұл сұрақ мәслихатта қаралып, шешім қабылданады деп ойлаймыз, – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова.

Ендігі сұрақ қаржыландыру. Мәзірдің мақұлдануы – мәселенің бір ұшы ғана. Қымбатшылық тағы бар. Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты, бюджеттен бөлінетін бір балаға шаққандағы қаражат жаңа мәзірдің құнын толық жаба ала ма деген қауіп те жоқ емес.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button