Әскери бөлім бастығы мерт болды

Жамбыл облысында әскери бөлім аумағында ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала дерек бойынша, оқиға жексенбі күні болған.
Шамамен кешкі 19:30 шамасында үшінші күзет бекетінде ведомстволық күзеттің мергені СКС карабинінен абайсызда оқ атқан. Оқ күзет бастығына тиіп, ол ауыр жағдайда Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілген. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, кешкі сағат сегідер шамасында оның қайтыс болғаны тіркелді.
Мәліметке сәйкес, оқиғаға қатысқан екі адам да Қорғаныс министрлігіне қарасты ведомстволық күзеттің азаматтық, контракт қызметкерлері болған.
Minut.kz



