Қоғам

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының экс-төрағасы қамауға алынды

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының экс-төрағасы 430 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді – деп хабарлайды, Minut.kz тілшісі.

Қазір Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Жандар Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл мақсатта ол «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген. Жалған құжаттар негізінде қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін қор тарапынан мақұлданған.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 млн теңгеден асты. Қордың бұрынғы төрағасы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button