Басты жаңалықЭкономика

Бахрейндік компания Өскеменде құны 500 млн АҚШ доллары тұратын зауыт салу мүмкін

Шығыс Қазақстан әкімі шетелдік инвесторлармен бірнеше кездесу өткізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Шетелдік кәсіпкерлер өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр.

Бахрейн Корольдігінде тіркелген халықаралық компания Өскемен қаласында феррокремний өндіретін зауыт салу мүмкіндігін пысықтауда. Инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Жоба аясында жергілікті шикізат пайдаланылып, шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар өндірісте заманауи экологиялық технологияларды қолдануға ерекше мән беріп отыр.

Сонымен қатар облыс әкімімен өткен жеке кездесуде HONGKONG BBGO INVESTMENT HOLDING компаниясының өкілдері Өскемендегі қалдық сақтау қоймаларын экологиялық рекультивациялау жобасын таныстырды. Компания Қытай, Малайзия және Лаос елдерінде 15 жылдан астам уақыт бойы экологиялық және ресурсты үнемдейтін жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

Ұсынылып отырған технология мыс, алтын, күміс және басқа да бағалы металдарды 80 пайыздан астам тиімділікпен алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мүлде қалдық қалдырмау қағидаты, тұйық су айналымы және өндіріс қалдықтарын қауіпсіз құрылыс материалдарына қайта өңдеу қарастырылған.

Аталған жобалар қазіргі уақытта пысықтау кезеңінде және өңірдің өнеркәсіптік әрі экологиялық дамуына елеулі үлес қосады.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button