Басты міндет – балаларға сапалы білім беру
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар ауыл мектептерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Аймақ басшысы сапарының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру және оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру меселелерін пысықтау.
Облыс әкімі Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектеп пен Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейде және Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектептердегі жаңа оқу кабинеттерін, спорт залдарын, асханалар мен кітапханалардың жай-күйін қарады.
Ақжар ауылындағы Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Барлық білім беру ұйымдарында педагогтармен жүздесіп, материалдық-техникалық база мен оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылады. Балалардың қауіпсіз білім алуы мен сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Президент әр баланың тұрғылықты жеріне қарамастан лайықты білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалуы тиіс екенін талай рет атап өткен. Біздің міндет – сапалы білім беріп, жылы әрі заманауи мектептермен қамтамасыз ету, барлық балаларға теңдей мүмкіндік жасау,– деді аймақ басшысы.
Жанель Жанболатқызы



