Қоғам

Батыс Қазақстанда жол апатынан 8 адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында 8 адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 50-шақырымында болды. Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, оның біреуі өртеніп кетті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша жүргізушінің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін.

Ауа райы қалыпты және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған, көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары, жедел тергеу тобы және ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апатының толық мән-жайы тергеу аясында анықталатын болады. Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін, әсіресе, адамдарды тасымалдау кезінде кез келген бұзушылықтың жол қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салады, — деп хабарлады ведомстводан. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button