Бүгіннен бастап коммуналдық қызметке қатысты мораторий аяқталды
Қазақстанда 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап коммуналдық қызметтердің қымбаттауына қойылған мораторий аяқталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Соған қарамастан электр энергиясының шекті тарифтері өзгеріссіз қалады. Энергетика министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу комитеті осылай дейді.
Ведомство мәліметінше, электр тарифтері 2025 жылғы деңгейде сақталады. Яғни тұрғындар үшін жарық бағасы әзірге көтерілмейді. Ал жанармай бағасы нарық қағидатымен қалыптасады.
Дегенмен, Үкімет бағаның негізсіз және күрт өсуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта елде жанармай тапшылығы жоқ, қажетті қор толық қамтамасыз етілген. Бағаны бақылау үшін өңірлерде арнайы штабтар жұмыс істеп жатыр. Олар күн сайын жанармай бағасын, қорын және жеткізілім логистикасын бақылап, нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Minut.kz



