Басты жаңалықСпорт

Бүркіт төбеге 40 шақты киіз үй тігілді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында Халықаралық «Шығыс салбурыны-2025» фестивальіне дайындық қызу жүріп жатыр.

Қазір сайыс өтетін Бүркіт төбеде 37 киіз үй тішіліп, этноауыл бой көтерді. Барлық инфрақұрылым жасақталуда. Дәретханалар орнатылып, жарық пен су тартылған, негізгі сахна да дайын болды.

Жалпы фестиваль алаңында 100-ден астам техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 250-ден астам адам киіз үй тігіп, аумақты безендіруге жұмылдырылған. Қонақтар мен туристердің жайлылығы үшін фотоаймақтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылған.

Биылғы «Шығыс салбурыны» көрерменге ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін көрсететін ерекше ауқымды шара болады – делінген, облыс әкімінің баспасөз қызметі таратхан хабарламада.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button