Қоғам
Былтыр жемқорлық туралы хабарлаған 61 адам сыйақы алған

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері жарияланды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде.
- 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.
- 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.
- Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты.
- Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
- Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
- Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Minut.kz



