Қоғам
Ел шығысында ертең күн райы бұзылады

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.
Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігікте және оңтүстік пен орталықта соғатын желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін жетеді.
Облыс орталығы Өскемен қаласында да күн жауын-шашынды. Тіпті қар жауып бұрқасындатады.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті алыс жолға шықпауды ескертеді. Жолда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, абай болуға шақырады.
Жанель Жанболатқызы


