Қоғам
Ел шығысында күн-райы күрт бұзылады

Шығыс Қазақстан облысында күн-райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, «Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, ертең түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасындатады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілер мен жолаушыларға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Қажет болған жағдайда «Дәрмен» қосымшасы арқылы жол жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы алуға болады.
Жанель Жанболатқызы



