Басты жаңалықҚоғам

Ел шығысындағы электр желілерінің 80 пайызы ескі

Шығыс Қазақстан облысындағы электр желілерінің 80 пайыздан астамы ескірген. Өткен ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдары тартылған желі қатты жел соғып, жаңбыр жауса болды жиі өшеді. Мәселен, жыл басынан бері 379 рет жарық өшкен – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Өскемендегі жаңадан салынған мөлтек аудандардағы жағдай да оңып тұрған жоқ. Мысалы 28 ықшам аудан 5-6 жыл бұрын ғана пайда болды. Ондағы үйлердің бәрі жаңадан салынып, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне берілді. Бірақ халық тартылған құбыр мен электр желілері өте сапасыз. Жаңа деп айтуға келмейді деп ашынады. Баспаналары тоқ пешпен жылитын болғандықтан қауіпсіздік жағы да жандарын қинап тұр.

Сетергүл Төлегенқызы Өскемен қаласының тұрғыны

Жарық өшсе пеш те өшті деген сөз. Ал тоқ көпке дейін болмаса пешіміз атылады. Атылғаннан кейін оған кім жауап береді? Үкімет пе? Әлде, халық па? – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Сетергүл Төлегенқызы.

Жаңа ықшам аудан тұрғындары тартылған электр сымдары тым жіңішке. Сапасыз болғандықтан да жиі өшіп жатыр деген пікірде.

Бірлес Үркімбай Өскемен қаласының тұрғыны

Тоқ сапасыз. Бұны жаңалау керек. Оқыстан өрт те шықты. Бәрі де дұрыс материал керектенбегеннің салдары – деді Бірлес Үркімбай есімді ауыл азаматы.

Ал облыстың энергетика саласына жауаптылар жарты ғасырдан асқан электр желілерін жаңарту үшін арнайы жоспар жасапты. Сол құжаттың негізінде жарық жиі өшетін аудандардан бастап электр сымдарын ауыстыруды қолға алған.

Нұрлан Рамазанов ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

Үш жылдық жоспар төңірегінде толығымен осы электр желілерін қайта жаңғыртып, жөндеп, қолға алу деген жоспар іске асырыып жатыр. Биыл өзі 28 шағын ауданға кабельдік желіні ауыстыруға қаражат бөлінген – дейді Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Облыста электр энергиясының тапшылығы да байқалады. Әсіресе қыс мезгілінде. Өңірге жетпеген электр қуаты әзірше көрші ресей мен Павлодар облыстарынан жеткізіледі. Оның орнын толтыру үшін ЖЭО салу қолға алынып, Өскеменнің іргесінен жер бөлінді. Бұл жоба алдағы 5-6 жылда жүзеге аспақ. Алайда маман табу қиын. Сондықтан оған қажетті 200 энергетикті қазірден бастап оқыту өте өзекті.

Айжан Байділдина Энергетик сарапшы

Көпке созбай 200 маманды даярлауымыз қажет. Олар оқу бітірген соң, жұмыс істесе бір 50 пайызы істейтін шығар. Қалғандары өздері басқа салаға кетіп қалады. Оның да әртүрлі себептері болады. Соған байланысты бізге көбірек маман дайындау керек болады – деді энергетик Айжан Байділдина.

Шығыс Қазақстанда жалпы энергия көзі саналатын 7 су электр стансасы мен 3 жылу электр орталығы бар. Соған қарамастан, жаңадан салынып жатқан мөлтек аудандар мен қосылып жатқан абономенттердің көбеюіне байланысты алдағы уақытта жарық пен жылудың тапшылығы тіпті сезіле бастайтыны сөзсіз.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button