Денсаулық

Еліміз бойынша 250 мыңға жуық оқушы онлайн оқып жатыр

ЖРВИ мен тұмау жағдайларының көбеюіне қатысты елімізде 250 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қашықтан оқытуға елдің 13 өңірінде 11 813 сынып көшірілді. Жалпы, 903 мектепте қашықтан білім алуға 250 мыңға жуық бала ауысты. Бұл ретте, кешеден бері біршама динамика бар, — деді Т. Сұлтанғазиев.

Вице-министрдің айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың асқынып кету қаупі бар. Тұмау салдары пневмонияға айналуы мүмкін, әсіресе 5 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қауіпті.

Сондықтан ата-аналар жағдайды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда медициналық мамандарды шақыруы керек, — деді вице-министр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button