Денсаулық
Еліміздегі мыңдаған сынып сабақты онлайн оқып жатыр
Еліміздің бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова республика бойынша 1469 сыныптың оқушысы сабақты қашықтан оқып жатқанын жеткізді. Тұмаудың өршуіне байланысты 132 мектепте осындай шешім қабылдаған.
Бұл Астана, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы білім ордаларындағы сыныптарға қатысты.
Айта кетейік, бір сыныптағы оқушылардың 30 пайыздан астамы бір уақытта ЖРВИ-мен ауырып қалса, толығымен онлайн оқуға жіберіледі. Ал егер сыныптағы балалардың 20%-дан астамы ауырса, кабинеттік жүйе уақытша тоқтатылады
Жанель Жанболатқызы



