Қоғам
Еліміздің Конституция күні 1 шілде болуы мүмкін

Бұл норма республикалық референдумға шығарылатын жаңа Ата заң жобасында көрсетілген – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сондай-ақ мәтінде референдумда қолдау тапқан күн мемлекеттік мереке болып жарияланатыны айтылған.
Айта кетейік, кеше яғни, 11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері жоба бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынды. Кейін Президент Конституциялық реформа жөніндегі референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді.
Minut.kz



