Денсаулық

Елордадағы жедел жәрдем станциясынан 850 млн теңге ұрланған

Астана прокуратурасы Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады. Нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған.

Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді. 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды.

Көрсетілген тұлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн теңге сомасында залал келтірілген.

Іс сотқа жолданды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button