Басты жаңалықЭкономика

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға пайдалану тәртібін шектеуді ұсынды

Бұл қадам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржының шамадан тыс шығуын азайтуға бағытталған. Қазір мұндай өтініштердің үлесі 60 пайыздан асады. Сарапшылардың пікірінше, кейбір азаматтар бұл мүмкіндікті тұрғын үй нарығындағы алыпсатарлық мақсатта пайдаланып жүр.

Жаңа ережеге сәйкес, басымдық инвестициялық құралдар мен медициналық қызметтерге беріледі. Ал тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігі белгіленген шекті көлемінде ғана сақталады. Шектеу тек жаңа өтініштерге қатысты болады. Бұған дейін мақұлданған мәмілелер өзгеріссіз қалады. Мамандар  бұл жаңашылдық екінші деңгейлі тұрғын үй нарығын бәсеңдетіп, сонымен бірге зейнетақы жүйесіндегі жинақ көлемін арттыруға ықпал етуі мүмкін деп болжап отыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button