Қоғам

Жаңа Конституция референдумда қолдау тапса биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Жаңа Конституция референдумда қолдау тапса осы жылдың 1  шілдесінен бастап күшіне енеді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл норма мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңартылған жобаға енгізілген. Құжаттың 94  бабына сәйкес, жаңа Конституция күшіне енген күннен бастап бұрын қабылданған Конституцияның қолданысы тоқтатылады.

Сондай-ақ Парламенттің өкілеттігі де сол күннен бастап аяқталады. Жобада көрсетілгендей, жаңа атаумен «Құрылтай» деп аталатын бір палаталы Парламент сайлауын Президент бір ай ішінде жариялап, екі ай ішінде өткізуі тиіс.

Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызға тағайындалғаны белгілі.

Референдумда халық «Сіз бұқаралық ақпарат құралдарында 12 ақпанда ресми БАҚ та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» — деген сауалға жауап береді.

Негізгі өзгерістер қатарында вице-президент лауазымын енгізу, бір палаталы әрі 145 депутаттан тұратын «Құрылтай» құру, сондай-ақ заң шығару бастамасы құқығы берілетін «Халық кеңесі» атты жоғары консультативтік орган қалыптастыру көзделген. Жаңартылған жоба 96 баптан тұрады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button