Жастар да өз таңдауын жасады
Өскеменде туған күн иесі алғаш рет өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
№45 референдум учаскесінде ерекше оқиға орын алды. Аталған учаскеге дауыс беруге келген Аяулым Мүлікбаева үшін бұл күн қос мерекеге айналды. Оның алғашқы саяси таңдауы мен 18 жасқа толған туған күні бір күнге сәйкес келген.

Мен Қазақстан Республикасының кәмелет жасына толған азаматшасы ретінде алғаш рет таңдауымды жасап, еліміздің жаңа Заң жобасы бойынша өз дауысымды бердім. Сонымен қатар, бүгінгі саяси науқан менің туған күніммен қатар келгені маған қуаныш сыйлады, – деді Аяулым ағынан жарылып.
Ал сайлау комиссиясының өкілдері дауыс берушіге арнайы сый-сияпаттарын жасады.
Жаңа Заң жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртуға және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Референдум – бұл мемлекеттік маңызы бар шешімдерді тікелей халықтың талқысына салудың ең жоғарғы демократиялық үлгісі. Шығыс Қазақстандықтар бұл науқанға тек дауыс беру ретінде емес, мемлекет ісіне араласу мүмкіндігі ретінде қарап отыр.
Облыс орталығы мен аудандардағы барлық учаскелерде тиісті жағдай жасалған. Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру процесі заң аясында, ашық әрі тыныш жағдайда өтуде. Әсіресе, алғаш рет дауыс берушілер мен қарияларға ерекше құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй байқалады.
Өскемендіктер бүгінгі таңдау – ертеңгі жаңа Қазақстанның іргетасы. Аяулым секілді мыңдаған жастардың белсенділігі ел ертеңіне деген сенімді нығайта түседі деп енетіндерін жеткізді.
Minut.kz



