Басты жаңалықҚоғам

Кеңестік дәуірде салынған үйлердің келбеті көп өзгерді

Өскеменде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Биыл бірқатар ауқымды жұмыс атқарылып, қала келбеті айтарлықтай жақсарды.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды

Қаладағы маңызды нысандарды аралап, атқарылған істер жайында баспасөз мәслихатын өткізген қала әкімі Алмат Акышов алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды

– Жыл басында жобалаған жұмыс сәтімен іске асты. Атап айтсақ, пилоттық жоба аясында «Глобус» сауда үйінің артында орналасқан Абай даңғылы мен Ғарышкерлер (Космическая) көшесі арасындағы жолдың кеңейтілуі. Бұрын бір шақырымға жетпейтін бұл аумақ көлік иелері үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де қолайсыз болған еді. Дәлосы көше боында мектеп пен балабақша орналасқан. Соған байланысты жаңа автотұрақ жасалды. Жаңа асфальт-бетон жабындысы 3539 шаршы метрді құрап, жолдың өткізу мүмкіндігі артты. Тұрғындардың бастамасымен қоршалған заманауи контейнер алаңы орнатылды, – деді Алмат Талғатұлы.

Шаһар басшысының айтуынша, алдағы уақытта Михаэлис көшесінде орналасқан 1-үйдің ауласы да тұрғындардың келісімі бойынша жөнделмек. Онда да жол мен аула кеңейтіліп, спорт алаңдары салынады. Бұл бүгінгідей көп көлікке арналмаған кеңестік дәуірде бой көтерген көпқабатты үйлердің ауласын едеуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды
Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды

Сонымен қатар, Қазақстан көшесін абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Көше бойындағы 106 шам ауыстырылып, 70 орынға 61 қоқыс жәшігі және 15 әткеншек, 6 гүл базасы, 3 қорғаныш тіреуі орнатылды. 5,3 мың шаршы метр аумаққа арнайы тас (плитка) төселді.

Жеңіс даңғылында, Е.П. Славский атындағы жағалау аумағы мен Пермитин көшесінде негізгі жер қазу және дренаж жұмысы аяқталып, асфальт төселуде. Салынып жатқан жаңа жолдың ұзындығы 758 метр. Ол жол 2026-жылы ашылады.

Сәтпаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысында көпір құрылысы жүргізілуде. Көпір пайдалануға берілгенде көлік кептелісі жойылып, жол қауіпсіздік мәселесі шешіледі.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды

Қала әкімі Алмат Ақышов қорыта айтқанда: — Биыл 42 аула абаттандырылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 17 аула, 17 балалар алаңы және 8 спорттық алаң жасалды. Объектілердің басым бөлігі пайдалануға берілдідеді.

Шешек тауында абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Мұнда автотұрақтар, мангал алаңдары, демалыс орындары, балалар және спорт алаңдары жасақталып, 120 жарық бағанасы мен заманауи санитарлық модульдер орнатылды. Аумақ толықтай келушілерді қабылдауға дайын.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз орталығынан алынды

Қала халқы тарапынан келесі жылы аулаларды абаттандыру және жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық демалыс аймақтарын жасауға қатысты 219 өтініш түскен. Бүгінде оның 72 жобасы қолдау тапқан.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button