Мәжіліс жер қойнауын пайдалануды жетілдіру заңын қабылдады

Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексіне өзгерістер енгізетін заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңның негізгі мақсаты – көмірсутектер мен уран саласында инвестициялық тартымдылықты арттыру және мемлекеттік мүддені қорғау – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Заңға енгізілген маңызды түзетулер:
Қиын технологиялық кен орындарын игеру үшін ерекше құқықтық режим енгізу.
Кен орындарының тереңдігін 5 мың метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беру.
Геологиялық ақпаратты жүйелеу, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерді есепке алу.
Газ саласындағы жобаларға жаңартылған модельдік келісімдерді қолдану мүмкіндігі.
Мұнай-газ және уран саласындағы активтерді сенімгерлік басқаруға беру, өндірісті тиімді ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Комитет мәліметінше, заңның қабылдануы Қазақстанға 1 миллиард доллардан астам жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Құжат Сенатқа жолданды.
Жанель Жанболатқызы



