Басты жаңалықҚоғам

Марқұм сарбаздардың аналарының өтініші қабылданады

Бас прокуратура қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарының өтініштерін қабылдайды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов хабарлады.

Оның айтуынша, аналардың ешбір уәжі назардан тыс қалмайды.

Сонымен қатар әскери қызметкерлердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жұмыстарына, әскерге шақырудың заңдылығына және медициналық қорытындылардың негізділігіне баға беріледі.

Аталған жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де тартылған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button