Қоғам

«Масс-медиа туралы» заңға өзгеріс енгізілмек

Бір жарым жыл бұрын қабылданған «Масс-медиа туралы» заңға өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі

Масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасуда. Құқықтық базада сөз бостандығы, цензураға жол бермеу және азаматтардың ақпаратты алу және тарату құқықтары қағидаттарын неғұрлым толық көрсету жоспарланып отыр. Сонымен қатар азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғау тетіктері күшейтіледі, бұл пікір білдіру еркіндігі мен адамның конституциялық құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді мәдениет және ақпарат министрі.

Сонымен қатар, мәдениет және ақпарат министрлігі жетекшілік ететін барлық салалардағы салалық заңнама жаңартылмақ.

Мәдениет, ақпарат, масс-медиа, архив ісі, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, сондай-ақ жастар және отбасы саясаты салаларын реттейтін 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, – деп Балаева.

Өзгерістер жаңа Конституцияға сәйкестендіру мақсатында енгізілуде.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button