Басты жаңалықБілім

Мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға тиым салынды

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады. Соған сәйкес, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.

Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді, – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ал ішкі істер органдары қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүктелді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button