Мемлекет басшысы бүгін бірқатар Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне де қол қойды. Бұл жаңа құжатта да бірқатар өзгеріс бар. Атап айтсақ, құрылыс кезінде қауіпсіздік күшейеді. Әсіресе жер сілкінісі қаупі бар аймақтар қатаң бақылауға алынады. Ескі және апатты үй тұрғындарының құқықтары қорғалады. Қала мен елді мекендерді жоспарлау ретке келтіріледі. Құрылыс саласы цифрландырылып, ашық әрі бақылаулы болады.
Minut.kz



