Басты жаңалықСаясат
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, кеше Гонконгтағы тұрғын үй кешені өртенді. Тілсіз жауды өшіру үшін мыңдаған маман мен жүздеген арнайы техника жұмылдырылды.
Қызыл жалын 44 адамның өмірін қиды. Жүздеген адам із-түссіз жоғалып кетті. Жарақат алған отызға жуық адам ауруханада жатыр. Олардың жетеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Жанель Жанболатқызы



