Басты жаңалықСаясат
Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.
Айта кетейік, бүгін түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёевтің өзі қарсы алды.
«Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Minut.kz



