Мемлекеттік органдарға жеке мобильді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруға бағытталған бірқатар шешім қабылдады. Мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесін 10 қарашаға дейін кеңейту. Оған мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды;
Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке мобильді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салу және олардың тек eGov және Aitu платформаларында жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктірілетін болады;
Alem.cloud басым бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, мемлекеттік басқару және тағы да басқа салаларды қамтиды.



