Қоғам

Мердігер жұмысты дер кезінде бастамаған

Өскеменде су құбырының желісі желтоқсанның аязы әбден қысқанда жөнделіп жатыр – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ал тұрғындар болса қыстың күні су тоқтап, тіршілік нәрінен жиі тарығатын болдық дейді.

Согра ауданындағы желіні жаңартуға қатысты байқаудың қортындысы қазан айында шыққан. Анықталған мердігер компаниямен де дереу келісімшарт жасалған. Бірақ жұмыс дер кезінде басталмаған.

Анастасия Шевченко Өскемен қаласының тұрғыны

Міне, жақында ғана дүйсенбі, сейсенбі күндері осы жердің бәрін соңына дейін қазды,дейді Согра ықшамауданының тұрғыны Анастасия Шевченко.

Тұрғындар сөзін жауапты мекеме өкілдері де растап отыр. Мердігерге хабарласып, іздеп жүріп, шақырып алғандарын айтты. Қазан мен қараша айында күн-райы жылы, жұмысты аяқтап тастауға мүмкіндік болған. Енді міне қыстың көзі қырауда жұмыс бір күн жүрсе, екінші күні тоқтап қалады. Ал мердігерде жобаны аяқтауға небәрі екі-ақ апта уақыт қалған.

Владимир Григорьев «Таза Өскемен» мекемесінің бас инженері

Үнемі қоңырау шалып, асықтырдық. Олар келді. Біз міне қазір, міне қазір, жұмысымызды істейміз деп, сендірді. Қараша айы құрғақ болды. Не істесеңіз де болатын еді. Құрғақ және жылы болды, – деді «Таза Өскемен» мекемесінің бас инженері Владимир Григорьев.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button