Экономика

Мұнай бағасы шамамен 40 долларға дейін төмендеуі мүмкін

ОПЕК елдері нарықтағы үлесін арттыруға тырысса, мұнай барреліне шамамен қырық долларға дейін төмендейді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Оған АҚШ-тағы тақтатас мұнайының өндірісін тәулігіне 400 мың баррельге дейін қысқарту себеп болуы мүмкін. Райстад Энерджи компаниясының бас директоры Джаранд Райстад осындай болжам жариялады.

Қазірдің өзінде әлемдік мұнай бағасы аздап төмендей бастады. Инвесторлар АҚШ-тағы дауылдың мұнай өндіруге әсерін және АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің ушығуына алаңдап отыр. Сарапшылар мен трейдерлердің бағалауынша, АҚШ-та өткен демалыс күндері болған дауыл салдарынан мұнай өндірісі тәулігіне шамамен екі миллион баррельге қысқарған. Бұл елдегі жалпы өндірістің шамамен 15 пайызына тең. Төтенше жағдай энергетикалық инфрақұрылым мен электр жүйесіне айтарлықтай салмақ түсірген.

Бүгінде трейдерлер геосаяси тәуекелдерге байланысты сақтық танытуда. Өйткені АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс нарыққа қысым жасап отыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button