Басты жаңалықБілім

Мыңға жуық мектеп пен колледжде құқықтық мәдениет сабақтары басталды

Еліміздің 1000-ға жуық мектебі мен колледждерінде құқықтық мәдениет сабақтары басталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірлерінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары басталды. Жобаны ауқымды түрде енгізу туралы шешім Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық кезеңнің қорытындылары негізінде қабылданды. Онда оқушылар арасында буллинг пен құқық бұзушылықтардың төмендегені тіркелуде.

Жоба ең кең қамтылған өңірлер қатарында Шымкент қаласы – 100-ге жуық білім беру ұйымы, Қарағанды облысы – 190-нан астам, Павлодар облысы – шамамен 110 ұйымды қамтиды. Оқушылармен жұмысқа құқық қорғау органдарында қызмет еткен тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылған. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button