Басты жаңалықҚоғам

Нұрымбет Сақтағанов нақты жоспар құруды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық құрылтайдағы әр тапсырманы орындау үшін нақты жоспар құрылады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлттық құрылтай отырысында айтылған тапсырмаларды орындау жайы сөз етілген Үкімет отырысына қатысты.

Онда экономика, цифрландыру, энергетика, білім, денсаулық сақтау сынды маңызды салаларда атқарылатын жұмыстар туралы айтылды. Отырыстан соң Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Әр басқарма өз бағыттары бойынша жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеуі керек. Президентіміз биыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін маңызды жыл екендігін айтты. Сондықтан нақты нәтиже көрсетуіміз қажет, – деді аймақ басшысы.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button