Басты жаңалықЭкономика

О.Бектенов Қарашығанақ және Чинарев кен орындарына барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Сурет ҚР Үкіметінің ресми парақшасынан алынды

Премьер-министр жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және олардың жүктемесіне, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға және басқа да мәселелерге назар аударды.

Сурет ҚР Үкіметінің ресми парақшасынан алынды

Чинарев кен орны аумағында бірқатар заманауи қондырғы жұмыс істеп тұр, мұнда теміржол мұнай құю терминалы, газ құбыры, вахталық қалашықтар және тағы да басқа инфрақұрылымдар жақсы дамыған. Газ өңдеу зауытының өндірістік қуаты жылына 4,2 млрд текше метр газды құрайды. Қазір кәсіпорынның жүктемесін арттыру мәселесі пысықталуда.

Сурет ҚР Үкіметінің ресми парақшасынан алынды

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының негізгі өндірістері құрамына кіреді. Ол – 279 млн тонна мұнай мен 785 млрд текше метр газдың алуға болатын қалдық қоры бар әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Сурет ҚР Үкіметінің ресми парақшасынан алынды

Қарашығанақта өткен жылы өндіру көлемі 12,2 млн тоннаны құраған, 2025 жылға арналған жоспар – 12,4 млн тонна. Қарашығанақты кеңейту жобасының (ПРК-1А) газ айдау тиімділігін арттыруға және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде ішкі нарыққа 7,5 млрд текше метр газ жеткізілді, бұл – Қазақстандағы жалпы көлемнің шамамен 26%-ы.

Жалпы Қазақстанда жыл сайын 85 млн тоннадан астам мұнай және шамамен 55 млрд текше метр газ өндіріледі. Мұндай көлемді тұрақты ұстап тұру заманауи технологияларды енгізу мен ірі кен орындарын дамытудың арқасында мүмкін болып отыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button