Басты жаңалықЭкономика

Өңірлерге берілетін субвенция 16,5 млрд теңгеге өсті

Мәжілістің жалпы отырысында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қабылданды. Жергілікті бюджеттер кірісітерінің болжамы жаңа Бюджет және Салық кодекстерін іске асыруды ескере отырып жасалды.

Алдағы үш жылдық кезеңге жалпы трансферттерді есептеуде негізгі тәсілдер трансферттерді есептеудің жаңартылған әдістемесін енгізу, ең төменгі стандарттар мен өңірлік стандарттар жүйесін қолдану, өңірлердің меншікті кірістерін ынталандыру болды.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі былай белгіленген:

бюджеттік субвенциялар:

2026 жыл – 5 137 567 833 мың теңге;

2027 жыл – 6 357 838 886 мың теңге;

2028 жыл – 6 796 559 470 мың теңге.

Бюджеттік алып қоюлар:

2026 жыл – 879 947 069 мың теңге;

2027 жыл – 1 079 818 403 мың теңге;

2028 жыл – 1 400 607 718 мың теңге.

Заң жобасын талқылау барысында мемлекеттік қарызға қызмет көрсету есебінен қаржыландырылатын өңірлерге берілетін субсидиялар көлемін 16,5 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл субсидиялар елдімекендердің әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қолданыстағы және жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтауға, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлік субъектілерінің агроқұзыреттерін арттыруға, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмсалады деп жоспарланған.

Айта кетейік, үкімет үш жылдық бюджетте доллар бағамын 540 теңге, мұнай бағасын 60 доллар деп белгіледі.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button