Басты жаңалықҚоғам

Өскемен әкімі референдумға отбасымен келді

Шығыс Қазақстан облысының орталығында референдум нағыз қарқын алды. Қала тұрғындары таңсәріден саяси белсенділік танытып жатқанда, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов та №65 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қала басшысы бұл маңызды күнде учаскеге жалғыз емес, отбасымен бірге келді. Әсіресе, әкімнің қасында жүрген үлкен ұлы көпшіліктің назарын аударды. Алмат Ақышовтың айтуынша, бұл – жай ғана дауыс беру емес, өскелең ұрпақ үшін маңызды тәрбие сағаты.

Бүгін отбасымызбен келіп дауыс бердік. Ұлымды осы сәтті өз көзімен көрсін, азаматтық жауапкершіліктің мәнін сезінсін деп арнайы ертіп келдім. Бұл – еліміз үшін тарихи сәт. Біз тек бүгін үшін емес, жарқын болашағымыз бен жаңа Ата заң үшін дауыс беріп жатырмыз, – деп атап өтті қала әкімі.

Облыс орталығындағы референдум учаскелерінде адам қарасы сағат санап көбеюде. Тұрғындардың саяси науқанға деген қызығушылығы ресми статистикадан да айқын көрінеді.

Соңғы деректерге сейкес, облыс халқының 60 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерген. Ал еліміз бойынша сайлау учаскесіне барғандар қатары дауыс беруге құқы бар азаматтардың 52 пайыздайын құраған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button