Экономика

Өскемен әуежайы авиаотын бағасын негізсіз қымбаттатқан

«Өскемен әуежайы» акционерлік қоғамы авиаотын бағасын бөлшек саудада негізсіз қымбаттатқан – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл заңсыздық құзырлы орган өкілдері тексерісінен кейін анықталып, компанияға айыппұл салынды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, әуежай әкімшілік жауапқа тартылды. Баға саясатын бұзған нарықтағы 6 субъектіге қатысты салынған айыппұлдардың жалпы соммасы 10,1 млн теңгеге жеткен.

2025-жылдың желтоқсанының 1- күні Өскемен қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен әуежай әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды және монополиялық табыс ретінде алынды. Сот шешімі әзірге күшіне енген жоқ, – дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО департаментінің басшысы СНХ: Сәуле Бақберген.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button