Қоғам

Өскеменде 1500-ден аса вейп тәркіленді

Өскеменде 2025 жылы вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сату бойынша 3 факт анықталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Сурет ШҚО ӨКҚ-дан алынды

Тиым салынған сауда Telegram-арналар арқылы сатылған. Әр арнада 1000-нан астам жазылушы болған, деді ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұханов.

Тергеу барысында 1 500-ден астам вейп тәркіленіп, куәгерлерден жауап алынды, арна әкімшілері анықталды. Қазіргі таңда 2 қылмыстық іс сотқа жолданып, олардың біреуі бойынша үкім шығарылды. Үшінші іс бойынша тергеу жалғасуда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button