Мәдениет

Өскеменде «Алтайым – Алтын бесігім» атты айтыс өтеді

Бүгін Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы ғимаратында «Алтайым – Алтын бесігім» республикалық командалық айтысы өтеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Айтысқа Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ақындары мен дәстүрлі өнерпаздары қатысып, өзара өнер сайысына түседі.

Шараның басты ерекшелігі – командалық форматта өтуі (әр командада 10 қатысушы). Кеш барысында:

  • Айтыс
  • Терме, жыр
  • Халық әндері
  • Күй өнері ұсынылады

Ұйымдастырушылар барша аудан және қала тұрғындарын ұлттық өнеріміздің жауһарларын тамашалауға шақырады!

Басқа жаңалықтар

Back to top button